Ақтөбеде «Саналы ұрпақ» республикалық жобасы бастау алды
Ақтөбе облысының 4 жоғары оқу орнында және 37 колледжінде құрылған «Саналы ұрпақ» жобасының басты қағидасы жастардың санасында жемқорлықсыз жарқын болашаққа жетелейтін пікір қалыптастыру.
Клубтар білім беру мекемелерінің оқытушылық құрамы және белсенді студенттер қатарынан құрылып, бүгінгі күннің өзінде 1920 адамды мүшелікке алды.
Жобаның мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және оқу орынында академиялық адалдық қағидатын енгізу болып табылады.
Департамент басшысының орынбасары Рафхат Бисенов өз сөзінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сана қалыптастыру бағытында шешуші және соңғы сөз жастар тарапынан болуы қажеттілігін атап өтті.
Жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қабылдау, комиссияларды құру және шаралар өткізуді көздейді. Сонымен қатар, жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон эстафетасына бастау берді. Эстафета сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәрістер және мәдени көпшілік шаралар өткізуге көзделген.
Бұл шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, «Ақтөбе - жастар таңдауы» Қоғамдық бірлестігінің, облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырыс аясында жүзеге асырылуда.
[xfvalue_img]