ANTIKOR ORTALYGY АЛАҢЫНДА ҰБТ ӨТКІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ  ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ANTIKOR ORTALYGY АЛАҢЫНДА ҰБТ ӨТКІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Adal Kómek» жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов академиялық әділдікті нығайту және ҰБТ кезінде қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында онлайн диалог жүргізді.

Қазақстанда ҰБТ маусым айының соңы мен 5 шілде аралығында өтеді. Биылғы жылы шамамен 120 мың түлек және орта арнаулы білімі бар 15–20 мың түлек тапсырады.

Қазіргі уақытта Орталық құжаттарды қабылдау бойынша жұмыстар атқаруда. Бірінші рет биыл ҰБТ-ға қатысуға өтініштер Ent2020.testcenter.kz сайтында (10 мамырға дейін) онлайн режимінде қабылданады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ны дәстүрлі форматта қағаз түрінде өткізуді жоспарлап отыр.

Спикердің айтуынша, короновирустың таралуына байланысты қосымша санитарлық шектеу шаралары қабылданады, мысалы, егер бұрын аудиторияларда 150-ге жуық адам болса, қазір олар әлдеқайда аз болады және арасындағы қашықтық ұлғаяды, сонымен қатар жеке қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалану қажет (маскалар, қолғаптар, антисептиктер).

Бұл шаралар білім алушылардың қауіпсіздігі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қабылданды.

Сонымен қатар ҰБТ-ға дайындау үшін Ent2020.testcenter.kz сайты әр пән бойынша тегін тестілеудің 70 нұсқасын орналастырды.

Спикер академиялық әділдікті нығайтуға және ҰБТ кезінде қоғамдық бақылауды күшейтуге арналған инновациялар туралы айтты.

Сонымен, Орталықтың бастамасымен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арнайы мониторингтік тобының мүшелерімен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарының тестілеуге дайындық пен оны өткізудегі қызметін бақылау, сондай-ақ ұялы телефондармен кіруді болдырмау мақсатында, өткен жылдан бастап бақылау жүргізіледі.

Сонымен қатар, спикер білім алушылардың іс-әрекеттерін бақылауға мүмкіндік бғретін тестілеу өтетін барлық аудиториядан ҰБТ-ның онлайн трансляциясы туралы айтты.

Осылайша, кез-келген адам процесті бақылап, тестілеу кезінде бұзушылық фактілерін бақылай алады, ал анықталған жағдайда орталыққа хабарлауға болады. Бұл жүйе автоматты режимде смартфондарды пайдалану фактілерін анықтай алады.

Жобаны биыл пилоттық түрле іске қосуды жоспарлап отыр. 2021 жылы іс-әрекеттерді қадағалауға толықтай көшуге болады.

Қосымша ақпаратты Орталықтың сайтында, Facebook, Instagram, VK әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалардан алуға болады және  тәулік бойы жұмыс істейтін 8 800 80 71 77 Call-орталығына қоңырау шалып, сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік бар.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.