Ақпараттық хат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы хабарлайды.
Алдағы қараша айында өткізілетін педагог қызметкерлерді Ұлттық біліктілік тестілеуге байланысты, кейбір аймақтарда мамандықтар бойынша дұрыс жауаптарымен тест кітапшаларын бейтаныс адамдардың сату жағдайы жиеленіп кеткен. Олар ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының ресми тест тапсырмалар базасына сілтеме жасайды.
ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы жоғарыда көрсетілген тест кітапшаларының мазмұнына және сатылу фактісіне ешқандай қатысы жоқ. Іріктеліп жасалған талдау барысы көрсеткендей, осы сұрақ кітапшалары Орталықтың ресми сайтындағы (www.testcenter.kz) тегін байқау сынағына арналған тапсырмаларынан және бейресми интернет көздерінен алынғандығы анықталды.
Сонымен қатар, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы тестілеудің әр түрінде және әр кезеңінде тест тапсырмаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес тек жаңартылған тест тапсырмалар базасын қолданады.
Осылайша барлық мүдделі тұлғаларға ресми сайттағы ақпаратарды пайдаланып, алаяқтықтың құрбаны болмауларын сұраймыз.
ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы
[xfvalue_img]