ANTIKOR ORTALYGY АЛАҢЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ АЙТЫЛДЫ

ANTIKOR ORTALYGY АЛАҢЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ АЙТЫЛДЫ

«Адал көмек» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» директорының орынбасары Алтынай Қосыбаева және кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы Азамат Байтасов азаматтарға жұмысқа орналасу бойынша қабылданған шаралар туралы түсіндірді.

Жыл басынан бері Орталықтың көмегіне 3465 адам жүгінген. Оның ішінде 1959 жұмыссыз статусын  алды, ал 737 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.

Алтынай Қосыбаеваның айтуынша, Орталық «Электрондық еңбек биржасы» интернет-порталында бос жұмыс орындарын жинау және оларды толтыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Порталда бос жұмыс орындарын қарап, ONLINE түрде ұсыныстар жіберуге болады.

Кез-келген адам www.enbek.kz интернет-порталына кіре алады, жеке кабинеті арқылы тіркеліп, түйіндемелерін жүктеуге болады. Қызығушылық танытқан бос орындарға жауап беріп, ұсыныстардың келіп түскендігі туралы хабарларды үнемі қарап отыруға мүмкіндік бар.

Порталдың Facebook, Instagram, VK, OK, Twitter әлеуметтік желілерінде ресми парақшалары бар, онда күн сайын порталдың бос жұмыс орындары мен статистикасы туралы ақпарат орналастырылады.

Орталық HeadHunter.kz, Olx.kz, Kzwork.com, Career.kz, Qyzmet.kz, 24rabota.kz және т.б. интернет-сайттарында үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Жұмыс берушілерге Орталық ұсынатын қызметтер туралы хаттар жолданады.

Бүгінгі таңда сұранысқа ие бос жұмыс орындары - жасыл құрылыс жұмысшылары, дезинфекциялаушылар, сату бойынша көмекшілер, жүк көлігі жүргізушілері, - деді Алтынай Қосыбаева.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 1411 Call – орталығы жұмыс істейді, сонымен қатар 57-87-00, 57 -88-88 (жұмыс күндері) қоңырау шалуға болады.

Жұмыс берушілерді мүгедектерді жұмысқа орналастыруға ынталандыру мақсатында 2018 жылдан бастап жұмыс берушілердің мүгедектерді жұмыспен қамту үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға байланысты шығындары үшін субсидиялар енгізілген.

«Электрондық еңбек биржасы» электронды порталына ауысымдық жұмыс кестесімен 230-дан астам бос жұмыс орны және икемді жұмыс кестесімен 60 бос жұмыс орны орналастырылған.

Алтынай Қосыбаева атап өткендей, жыл басынан бері Орталыққа 245 мүмкіндігі шектеулі адам жүгінген. Оның ішінде 38 адам тұрақты жұмысқа, 191 адам қоғамдық жұмысқа, 6 адам «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша, 10 адам әлеуметтік жұмысқа орналастырылған.

Орталық сонымен бірге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған (7 адам жүгінді) және пробация бақылауында тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізеді (15 адам өтініш берді, олардың 8-і жұмысқа орналастырылды, 2 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді).

Микро және шағын бизнес субъектілерін қаржыландыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан несие беру бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен, биылғы жылы микрокредит беруге 14 жолдама берілді (екінші деңгейлі банктерге - 12, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға - 2). Микрокредит беру бойынша 20 кеңес өткізілген.

Азамат Байтасов желі қолданушыларына тұрақты жұмыс таба алмай жүрген адамдарға мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары, жұмысының жоқтығы, біліктілігі туралы ақпарат берді.

Спикер Орталық негізінде жұмыс жасайтын бағдарламалар туралы, мысалы, «Жастар практикасы» (орташа жалақысы 73 мың теңге), «Қоғамдық жұмыстар», диплом талап етусіз (орташа жалақы 85 мың теңге) және әлеуметтік көмекке арналған бағдарлама туралы толығырақ айтты.

Сондай-ақ, Азамат Байтасов жұмыссыз азаматтар үшін қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру туралы ақпарат берді (оқыту арнайы жұмыс берушіге өткізіледі, 16 750 тг стипендия төленеді, 1-3 ай аралығында оқу). Аяқтағаннан кейін барлық жұмыс іздеушілер жұмысқа орналастырылады.

Эфир барысында спикерлер төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтарды жұмыспен қамту, аудандарда жұмыспен қамтудың мобильді орталықтарын құру, жастар практикасы бағдарламасы бойынша азаматтарды жұмысқа орналастыру, бағдарлама бойынша зейнетақы жарналары және тағы да басқа сұрақтарға жауап берді.

Орталық жұмыс тапқысы келетіндерге көмектесіп, қолдау көрсетуге дайын.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.