Көкшетауда бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 250 жұмыс орны ұсынылды
Көкшетау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығымен «Достар» мәдениет сарайында жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 250 бос жұмыс орындарын ұсынған 50 астам ұйым қатысты.
Жәрмеңке барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдерімен мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібін түсіндіру жөніндегі жұмыс өткізіліп, ақпараттық брошюралар таратылды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдарға шолу жасалды.
Осындай бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері тұрақты негізде өткізіледі және жұмыссыз азаматтарға жұмыс берушілермен тікелей кездесуге, бос жұмыс орындарымен танысуға, қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беріп, жастардың жұмысқа орналасуына септігін тиігеді.
«Бүгінгі іс-шара болашақ мамандарға жұмысқа тұру үшін көмек көрсетуге, кәсіби бағыт-бағдар беруге бағытталған. Бұл жұмыс берушілердің қызметімен, бос жұмыс орындарымен, жұмыс шарттарымен және әлеуметтік қолдау мүмкіндіктерімен таныса алатын мамандар үшін жақсы мүмкіндік. Соның өзінде бұл мемлекеттік және құқық қорғау органдары үшін де жақсы мүмкіндік, себебі олар да талантты, бәсекеге қабілетті кадрларды тартуға қызығушылық танытып отыр» - дейді Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гүлмира Евниева.
Іс-шараға 200 тарта жұмыссыз азамат қатысты.
МҚІСЖҚА Ақмола облысы бойынша департаментінің
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]