ШҚО: «ANTIKOR.LIVE

ШҚО: «ANTIKOR.LIVE": маңызды мәселе қаралды

«ANTIKOR» жобасы аясында ШҚО жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының басшысы Р.Нәбиев Өскемен қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысының орынбасары Н.Жапбаровпен бірлесіп «ТЖ кезінде коммуналдық қызметтер бойынша кімге, қалай және қашан өтемақы алуға болады?» тақырыбында тікелей эфир өткізді.

Тікелей эфир барысында азаматтарға төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге шығындарды өтеу ережелері түсіндірілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жапбаров Нұржан азаматтарға коммуналдық қызмет шығындарын өтеу тәртібін жеткізді. "Бүгінгі таңда Өскемен қаласында Call-орталық жұмыс істейді, ол арқылы азаматтар жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және жеке есеп шоттарын ұсынумен өтінім береді. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге құқығы бар тұлғалардың санаттарына мыналар жатады: 1,2,3 топтағы мүгедектер; ҰОС мүгедектері мен қатысушылары және ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; көп балалы отбасылар; ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер; қызметтерін орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары және атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар. Өтемақы 7 негізгі коммуналдық қызмет бойынша төленеді: бұл электрқуаты, жылу, су, кәріз, газ, қоқыс шығару және лифтілерді пайдалану. Төлемдер мамыр айының басында басталады", - деді Н. Жапбаров.

Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ренат Нәбиев азаматтарды Call-орталыққа қосымша ақпарат алу үшін жүгінуге және оған нақты мұқтаж адамдарға жүгінуге шақырды. "Төтенше жағдай кезінде мемлекет біздің азаматтарға коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге қатысты үлкен көмек көрсетуде. Өз тарапымыздан, біз тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын тарта отырып, барлық уақытта азаматтарды қолдаудың қолданыстағы құралдарын түсіндіру арқылы осы жұмысқа қосыламыз. Сондай-ақ, облыстың мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, біз бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуын қадағалаймыз".

Естеріңізге сала кетейік, Call-орталық (облыстық деңгейде 87232 701- 238, қалалық деңгейде 702-264, 702-272, 702-269) ағымдағы жылдың 22 сәуірінен бастап жұмыс істей бастады және бүгінгі күні 18 мыңға жуық қоңырау келіп түсті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив