Ақмола облысында тікелей эфир арқылы азаматтарды қабылдау өз тиімділігін көрсетуде
Баршамызға белгілі болғандай, бұндай онлайн кездесулердің мақсаты – азаматтарға тікелей эфирде қалаған сұрақтарын қойып, бірден жауап алуға мүмкіндік беру болып табылады.
Денсаулық – адамның басты байлығы, ал адамзат капиталы – ол кез-келген мемлекеттің өмір сүруінің негізі. Сол себепті денсаулық сақтау саласын дамыту мәселесі өз өзектілігін ешқашан жоғалтпайтыны анық. Осы себептен «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алаңына Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері шақырылды. Олар басқарма басшысының емдеу жұмысы бойынша орынбасары Болат Әбішев және бас маманы Саян Толықбаев.
Эфир барысында 42 сұрақ бойынша түсініктеме берілді, ал қатысушылардың жалпы саны бұл жолы 276 адамға жетті.
«Ақмола – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру барысында аталған тәжірибе жалғасатын болады. Тікелей эфирдің жұмысына алдағы уақытта білім саласы, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және т.б. өзекті салалардың өкілдері шақырылатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, алғашқы тікелей эфир а.ж. 2 мамыры тұрғындық-коммуналдық шаруашылық саласы өкілдерінің қатысуымен өткізіліп, оның барысында 26 өтінім қаралды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Ақмола облысы бойынша департаменті
[xfvalue_img]