Ақтөбеде мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарына қатардағы мамандардың 66,6%-ы тағайындалған

Ақтөбеде мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарына қатардағы мамандардың 66,6%-ы тағайындалған

 Мемлекеттік қызмет саласында «меритократия қағидаты» атты түсінік бар.

Бұл дегеніміз – ең сауатты және халық пен мемлекетке адал қызмет ететін тұлғаларды мансаптық жоғарылату. 

Бүгінде, Ақтөбе өңірінде мемлекеттік қызметте білімі мен біліктілігінің нәтижесінде жоғары лауазымға қол жеткізген мамандар аз емес.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті мамандарының мәліметіне сәйкес бірінші жартыжылдықта мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген ішкі конкурстың нәтижесі бойынша мамандардың  98-і немесе 66,6% жоғарғы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындалған.

Оның ішінде, 29 жасқа дейінгі жас мамандардың 51 (52%) атқарып отырған қызметерінен мансаптық жолмен көтерілген.

«Өңірде меритократия қағидаты кеңінен қолданылуда. Мысал ретінде әкімдікте орын алған жоғары лауазымдарға соңғы тағайындауларды айтып кетуге болады. Мәселен, Ырғыз ауданы әкімі ретінде талай жылдар бойы қызмет атқарып келе жатқан сол ауданның орынбасары Аққанат Шахин, Ойыл ауданы әкімі лауазымына сол ауданның орынбасары Асқар Қазыбаев тағайындалды.  

Сондай-ақ, облыстық индустриалық-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына меритократия қағидатымен сол басқарманың орынбасары Дархан Ермагамбетов тағайындалғаны бәрімізге мәлім. Бұл дегеніміз, жас маман мемлекеттік қызметке қабылданған кезде, оның одан әрі мансаптық жылжуы қабілетіне, еңбексүйгіштігіне және кәсібилігіне тікелей байланысты екендігінің көрінісі» - деді департамент басшысы Расул Медетов.

Осылайша, облысымызда меритократия қағидаты тиісті жолға қойылып, іс жүзінде жүзеге асырылып жатыр.

 

Анықтама: Қуанышбек Серікжанов еңбек жолын Бестамақ ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман ретінде бастаған. Әрі қарай 1 жылдай жуық Кенкияқ ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымында тәжірибе жинап, қазіргі таңда Қаратоғай ауылдық округі әкімінің қызметін атқаруда.

Айжан Оспанова 2018 жылы Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы болып қабылданып, қазіргі уақытта ішкі конкурс қорытындысы бойынша бөлім басшысы болып тағайындалды.

Нұрхан Тлеумұратов өз қызметін 2013 жылы Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының іс-жүргізушісі болып бастаған, содан кейін бөлімнің бас маманы, бөлім басшысы және 2018 жылы – басшының орынбасары болып тағайындалды.


Ақтөбе облысы мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.