Әскери институттың теріс пиғылды қызметкері мемлекетке 27,8 млн теңге шығын келтірген

Әскери институттың теріс пиғылды қызметкері мемлекетке 27,8 млн теңге шығын келтірген

Бұл туралы СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Сергей Потанин «Antıkor ortalyǵy» сервис орталығының алаңында қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша ұсынымты қарау барысында мәлімдеді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының есепшісінің қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен қылмыстық істі тергеді.

«Күдікті ұзақ уақыт бойы әскери институттың қаржы бөлімшелерінде қызмет етті және офицерлік құрамның, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің және әскери институттың азаматтық қызметшілерінің бос лауазымдары есебінен ай сайын бюджет қаражатының үнемделуі қалыптасатынын білді. Материалдық байыту мақсатында күдікті әскери институттың әскери және азаматтық қызметшілеріне, олардың дербес деректерін өзінің, жұбайының, сондай-ақ осы институтта әскери қызметте тұрған отбасылық достары мен таныстарыныкіне ауыстыра отырып, қалыптасқан ақшалай қаражатты үнемдеуді есептеу бойынша қылмыстық жоспар әзірленді», - деді Сергей Потанин.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы хабарлағандай, 2014 жылдың шілде айынан бастап 2019 жылдың мамыр айына дейінгі мерзімде күдікті әзірленген схема бойынша іс-қимыл жасай отырып, Әскери институт арқылы мемлекетке аса ірі көлемде 27,8 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

Осылайша заңсыз аударылған ақша қаражатын күдікті жеке қажеттіліктеріне жұмсап, ұрлап кеткен. Іс сотта қаралып жатыр.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасаған құқық бұзушылық бойынша әскери институттың кінәлі адамдарын өздерінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны және бағыныштыларға тиісті ведомстволық бақылаудың болмағаны үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бастаманы көтерді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.