ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ӘРБІР ФАКТІСІ  ХАЛЫҚТЫҢ АРМИЯҒА ДЕГЕН СЕНІМІН КЕТІРЕДІ

ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ӘРБІР ФАКТІСІ ХАЛЫҚТЫҢ АРМИЯҒА ДЕГЕН СЕНІМІН КЕТІРЕДІ

 

         Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аумақтық Қорғаныс істері департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов кездесуге қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының басым бағыттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы хабардар етті.

         Спикер атап өткендей, өткен жылдан бастап қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілік институты әрекет етеді. Сонымен қатар, ҚР заңнамасына сәйкес енгізілген нормалар 2019 жылғы 10 желтоқсаннан бастап, яғни тиісті түзетулер заңды күшіне енгеннен кейін жасалған құқық бұзушылықтарға таратылатынын атап өту керек. Өз ұжымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде шаралар қолданбайтын басшылар да дербес жауапкершілікке тартылады.

         Сондай-ақ, Қорғаныс істері департаменттің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы ақпарат хабарлауға болатын 1424 Саll-орталығының жұмысы туралы ақпараттандырылды. Ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап қылмыстардың ауырлық дәрежесіне байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін сараланған сыйақы жүйесі қолданылады.

         Сонымен қатар, Бақытжан Әмірханов өз сөзінде әскери ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығына, шақыру комиссиясының жұмысын күшейтуге, сондай-ақ әскери оқу орындарына түсу және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау рәсімдерінің ашықтығына баса назар аударды.

         Бұдан басқа, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бейнематериалдар көрсетілді.

         Кездесу соңында халықтың әскери қызметшілерге, жалпы алғанда, құқық қорғау органдарына деген сенімі мемлекетке әскери қызмет өткеретін әрбір адам үшін басты бағдар болуы тиіс екендігі атап өтілді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.