ШҚО-ДА "ІЗГІЛІК ЕЛШІСІ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
"Ізгілік елшісі" еріктілер жобасы аясында Өскемен қаласында жол ұйымдарының қызметкерлеріне, қоғамдық көліктердің жүргізушілері мен кондукторларына және басқа да қала тұрғындарына жеке қорғаныс құралдарын тарату бойынша акция өткізілді. Акция ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің бастамасымен "Жас Отан" ЖҚ ШҚО бойынша филиалы еріктілерінің, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ қолдауымен бірлесіп өткізілді.
Аталған жеке қорғаныс құралдары, яғни антисептиктер мен маскалар С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де барлық стандарттарға сәйкес дайындалған.
Антисептиктер мен маскаларды алған қала тұрғындары акция ұйымдастырушыларына алғыстарын айтып, акцияның дер кезінде өткізілгендігін және қалыптасқан жағдайда өте маңызды екендігін атап өтті.
Аталған "Ізгілік елшісі" жобасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылуда. Оның мақсаты қоғамда парасаттылық пен адалдық, қайырымды істер жасауды, сондай-ақ адамдарға көмек көрсету сияқты қарапайым өмірлік маңызды іс-әрекеттер қағидаттарын насихаттау болып табылады.
Кез келген ниет білдіруші мемлекеттік органның, коммерциялық ұйымның ұжымы, мектеп сыныбы немесе қарапайым парасатты азамат болсын осы қозғалыстың қатысушысы бола алады.
[xfvalue_img]