СОТТАЛҒАНДАРДЫ АҒАРТУ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Акселератор добра» жобасы аясында «Ақмола-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп «Сыйлық кітап» акциясы өткізілді.
Бұл акция 2019 жылдың 25 желтоқсанынан 2020 жылдың 15 қаңтарына дейін созылды және облыстың пенитенциарлық жүйесі мекемелерінің кітапхана қорын толықтыруға бағытталған.
Қажетсіз кітаптар бар кез келген адам акцияға қатыса алды. Акция аясында өңір тұрғындарынан түрлі жанрдағы 250-ден астам кітап түсті: әлемдік көркем әдебиет классиктерінің шығармаларынан энциклопедиялық басылымдар мен ғылыми әдебиеттерге дейін.
Департаменттің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов атап өткендей, көп жылдық бақылау сотталғандардың психикасы мен санасын өзгерту мүмкін екендігін көрсетті. Адам тұлғасының даму процесі тіпті түрмеде тоқтамайды. Сондықтан, қылмыстық өткен өмір бар адамдардың ой өрісі мен жүріс-тұрысы кітап түріндегі «рухани тағамға» байланысты.
Сондай - ақ, өткен жылы Департамент облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен бірлесе отырып, ел халқының сауаттылық деңгейін арттыру, өскелең ұрпақ үшін дұрыс бағдарларды ілгерілету мақсатында «Буккроссинг – «кітап-адалдықтың кілті» атты акция өткізді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]