ШҚО: «Сапалы жол – басты мақсат»
2019 жылғы 19 наурыздағы Үкіметтің қаулысымен жолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыс пен материалдардың сапасына сараптама жүргізу мақсатында «Жол активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталық» РМК құрылды.
Орталықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп «Адалдық аланы» жобасы аясында жұмыс жасауының мөлдір тетігін құру мақсатында 2019 жылғы маусым айынан Шығыс Қазақстан облысында «Сапалы жол - Адалдық аланы» жобалық кеңсесі жұмысын бастады.
Бұл жобаның мақсаты - автомобиль жолын жөндеу және салу кезіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жоюға бағытталған.
2020 жылы «Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобасының аясында ШҚО департаментімен «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК филиалымен бірлесіп арнайы мониторингтік топ мүшелері мен және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген жергілікті және республикалық автомобиль жолдарына 41 рейдттік жылжымалы іс-сапарлар жүргізілді.
Бұл іс-сапарлар барысында 125 бұзушылық анықталып, мердігерге анықталған кемшіліктерді жою туралы 22 хат жіберілді.
Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол-құрылыс нысандарының сапасы - қоғамдық бақылау назарына ілікті.
Жол сапасын жақсы деңгейде ұстау мақсатында облыстың әр учаскелеріне осы тектес тексеру жұмыстары жалғасып отырады.
[xfvalue_img]