"Сапалы жол" жобалық кеңсесі автомобиль жолдарын салуда қоғамдық мониторингі туралы

Бүгінгі күні Агенттік мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жобалық тәсілді қолдануды жүргізуде.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында "Сапалы жол – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жұмыс істейді.

Жобалық кеңсенің қызметінің бір бағыты – Қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

Осы бағытты іске асыру үшін қоғам және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатарынан Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жанынан Қоғамдық мониторинг тобы құрылды.

Бұл жұмыс автомобиль жолдарының сапасын бақылау үшін қоғам белсенділерінің тиімді құралы болып табылады.

Бүгін қоғам өкілдері мен "Сапалы жол – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі бүкіл ел бойынша Агенттіктің аумақтық департаменттерінің, Жол активтерінің сапасы Ұлттық орталығының өңірлік филиалдарының және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне бірлескен сапарларын ұйымдастырды.

Азаматтық қоғамның бүгінгі күні мониторингтеу құралдары бар болды. Егер бұрын қоғам жол сапасын көзбен шолып анықтаған болса, онда бүгінде азаматтық қоғам кәсіби баға беруге және жол төсемінің бетін ғана емес, сонымен қатар жол тереңдігін қарап, мамандандырылған жылжымалы зертханалардың арқасында қолданылатын материалдардың сапасын білуге мүмкіндік бар.

Мұндай тәсіл азаматтық қоғамның тартылуының жаңа деңгейін анықтайды.

Мысалы, ағымдағы жылдың 22 тамызында қоғамдық мониторинг тобымен бірлесіп, Ақмола облысы Қосшы кентінің автомобиль жолдарының құрылыс-жөндеу объектілеріне жоспардан тыс шығу өтті.

Сапар барысында қоғам өкілдерімен өткен жылы пайдалануға берілген жол жабындысындағы ақаулар анықталды, сондай-ақ бірнеше көше құрылысы кезінде пайдаланылған материалдар бойынша бұзушылықтар анықталды.

Осыған ұқсас мәселелер республика бойынша анықталды, атап айтқанда бүгінгі күні автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне 50-ге жуық бірлескен шығу ұйымдастырылып, нәтижесінде 70-тен астам бұзушылық анықталды.

Жол төсемінің және асфальт-бетон деформациясы, стандарттарға сәйкес келмейтін жол белгілерін орнату, құрылыс-жөндеу жұмыстары орындарында техникалық қадағалау органдары мен атқару құжаттамаларының болмауы.

Тек Нұр-Сұлтан қаласы бойынша, үш мониторингтен өткен көшенің екеуі (№26 және 82 көшелері) ұзындығы 7,5 м.ені 12,5 м., ал тереңдігі 31 см. дейінгі асфальт-бетон жамылғысының құлауы мен отыруы табылды.

Сапасыз материалдарды пайдалану жол жағдайының уақытынан бұрын нашарлауына әкеп соқтыратынын және көлік қозғалысының қауіпсіздігін бұзатынын барлығымыз түсінеміз. Ал бұл біздің сізбен өміріміз бен денсаулығымыз.

Бірақ мұның бәріне қарамастан, жергілікті атқарушы органдардың Жол активтерінің сапасы Ұлттық орталығының филиалдары енгізген анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ескертулерге белсенділігінің төмендігі байқалады.

Мұнда статистиканы келтіруге болады. Ұлттық орталық құрылған сәттен бастап оның филиалдары 600-ден астам құрылыс, қайта жаңарту, жөндеу және жергілікті маңызы бар жолдарды күтіп ұстау объектілерінде сапаға сараптама жүргізді және жалпы 900 жуық бұзушылық анықталды, оның 63% әлі күнге дейін жойылмаған.

Аутсайдерлер бұзушылықтар саны және оларды жоймау үлесі бойынша Түркістан облысында (190 бұзушылық, оның жартысы жойылмаған), Шығыс Қазақстан облысында (34 бұзушылық, оның ішінде 50% жойылмаған) және Жамбыл облысында (49 бұзушылық, оның ішінде 41% жойылмаған), Шымкент қаласында (349 бұзушылық, оның ішінде 63% жойылмаған) байқалады, ал Нұр-сұлтан қаласында 41 бұзушылық анықталды, алайда бірде-бір бұзушылық жойылмаған.

Қазіргі заманғы цифрландыру үрдістерін назарға ала отырып, жобалау кеңсесі барлық авто-әуесқойларға жол сапасын жақсартуға қатысуға мүмкіндік беретін мобильді қосымшаны құруға бастама жасады.

 

Сілтеме: https://drive.google.com/open?id=1M3VUiSrjBVFRZFQfHmHKAc1SA0yLMId9

 

Осы жұмысты жүзеге асыру үшін Интернет желісіне мониторинг жүргізіліп, "Украина жолдары" қосымшасы анықталды, оның функционалы біз белгілеген міндеттермен ұқсас.

Аталған қосымшаның украиндық әзірлеушілерімен келіссөздер жүргізіліп, оның барысында Қазақстан аумағында тегін негізде тестілік режимде жобаны іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, және оң нәтиже болған жағдайда – одан әрі ынтымақтастық жалғасады.

Кеше ғана украиндық әріптестер қосымшаны андроид платформасы бар құрылғыларға орнату үшін берді.

Бүгін біз онымен бөліскіміз келеді.

Қосымшаның мақсаты-азаматтық есебінен қоғамды кеңінен тарту арқылы елдегі жолдардың сапасы туралы тұрақты жинау және талдау.

Ол үшін қосымшаның тестілік моделі нақты уақыт тәртібінде қалалық жолдардың сапасын бағалауды қарастырады, ол деректерді орталыққа бере отырып, жол жабынының барлық ақауларын және олардың географиялық координаттарын автоматты түрде тіркейді (әрбір смартфонның 2 чипі: акселерометр және GPS есебінен).

Қосымшаның 3 функциясы бар:

  1. Акселерометр, GPS арқылы смартфондардан ақпарат/деректерді жинау;
  2. Жиналған деректерді талдау;
  3. Жиналған және өңделген деректерді визуализациялау, жолдардың сапасы және олардың өзгеруі туралы жаңа ақпаратты жинау.

Біз осы қосымшаны жолдар туралы көп ақпарат жинау үшін бірнеше ай бойы сынақтан өткізуді жоспарлап отырмыз.

Деректерді талдағаннан және оларды жолдың нақты жай-күйімен верификациялаудан кейін біз осы қосымшаны ел арасында пайдалануға енгізу туралы шешім қабылдайтын боламыз.

Сондай-ақ, біз аз қарсылық жолымен жүріп, дайын және ұсынылған платформаны негізге алдық.

Қосымшаны жүктеу сілтемесі пресс-редиз парағында көрсетілген.

Соңында жолдардың сапасы қоғамның назарында екенін атап өткім келеді.

Жолдардағы қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі біздің жобалық кеңсеміздің бағыты жұртшылық үшін де, уәкілетті орган үшін де осы саладағы жағдайды объективті бағалау бөлігінде тиімді құрал болып табылады.

 

Қалдығожин Д. Қ.

«Сапалы жол» жобалық кеңсесінің әкімшісі

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.