IV тоқсан басталғалы Министрліктің call-орталығына 97 өтініш келіп түсті
IV тоқсан басталғалы ҚР Білім және ғылым министрлігінің call-орталығына 97 өтініш келіп түсті. Олардың ішінде Министрдің қашықтан оқыту бойынша есеп беруді талап етпеу жөніндегі бұйрығының мектеп әкімшілігі немесе білім беру бөлімдері тарабынан бұзылғандығы туралы педагогтердің шағымдары да бар.
Барлық шағымдар қаралды. Кейбір жағдайларда бұйрықты бұзу фактілері расталды.
Бүгінгі күні педагогтерден қашықтан оқыту бойынша есеп беруді талап еткені үшін (видеофрагменттер, скриншоттар мен фото) Алматы облысында мектеп директоры, Қарағанды облысында білім беру бөлімінің қызметкері және Ақтөбе облысында әдістемелік кабинеттің меңгерушісі жазаланды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрінің "COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде оқу процесін қашықтан оқыту технологияларына көшіру кезінде білім сапасын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар туралы" бұйрығына сәйкес педагогтерден қашықтан оқыту бойынша есеп беруді талап етуге болмайды.
Бұл мәселе Білім және ғылым министрлігінің ерекше бақылауында.
ҚР БҒМ Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]