МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ ТӘРТІПТІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
COVID-19 жұқтыру қаупін азайту бойынша шараларды күшейту аясында қабылданған ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 16 наурыздан бастап еліміздегі барлық педагогтер көктемгі демалыс уақытында қашықтық режимінде жұмыс істейді. Алайда, кейбір мектеп басшылары мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген.
Мұндай жағдай, әсіресе, Түркістан және Алматы облыстарында бой алғаны анықталды. Ұстаздарды жұмысқа шақыртқан мектеп басшыларына тәртіптік жаза қолданылды.
Педагогтер әдістемелік және каникулдан кейінгі сабаққа дайындық жұмыстарын қашықтан атқаруы тиіс. Сондай-ақ, пандемия кезеңінде педагогтердің еңбек ақысы толық көлемде сақталады, яғни үйден жұмыс істеу ұстаздардың айлығына әсер етпейді.
БҒМ баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір