Министрдің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесшісі болып Раиса Шер шақырылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев министрдің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесшісі қызметіне ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Шер Раисаны шақырды.
«Бүгінгі заман талаптарына сай балалардың құқықтарын қорғау саласында қыруар жұмыстар атқару қажет. Азаматтық сектор белсенді дамып, бірқатар сұрақтардың шешілуіне ат салысуда. Мемлекеттік және азаматтық сектор арасында тиімді байланыс орнату қажет», - деді өз сөзінде білім және ғылым министрі Е.Сағадиев. Министр жаңа кеңесшінің келуімен балалардың құқықтарын қорғау саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіледі деп сенім білдірді. Өз кезегінде, Р.Шер көрсетілген сенім үшін Министрге алғыс білдіріп, жұмысқа дайын екендігін жеткізді.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]