АNTIКOR ОРТАЛЫҒЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАТЫНЫН ТҮСІНДІРДІ

АNTIКOR ОРТАЛЫҒЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАТЫНЫН ТҮСІНДІРДІ

         «Antikor ortalyǵy» сервис ғимаратының алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының өкілдерімен әлеуметтік желілердегі тікелей эфир арқылы «Сыр сұхбат» әңгімесі өтті.

         Филиалдың фронт-кеңселерінің қызметін үйлестіру басқармасының сарапшысы Әсет Сәрсекеев пен Көкшетау қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету жөніндегі №1 бөлім басшысының орынбасары Оксана Кособокова коронавирустың пандемиясы себебінен елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты азаматтардың электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы айтып берді.

         Қазіргі уақытта қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді тек онлайн ала алады, себебі Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз қызметін уақытша тоқтатты.

         Спикерлердің айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің 80% - дан астамы egov.kz порталында қолжетімді, сондай-ақ, кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильдік қосымшасында, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботында және Facebook пен ВКонтакте әлеуметтік желілерінде қолжетімді. Қажетті сұрақтар бойынша кеңес алу үшін 1414 байланыс орталығына хабарласуға болады. Бұдан басқа, үкімет қызметкерлері азаматтар үшін бейнеқоңырау арқылы көрсетілетін қызметті алушыларды мобильдік азаматтар базасында тіркеуді жүзеге асыратын болады.

         Сондай-ақ, филиал өкілдері 21 наурызға дейін ХҚКО-ға құжаттарды тапсырып үлгерген азаматтар дайын құжаттарды беру бойынша бір терезе ғана жұмыс істейтін ХҚО-да дайын нәтиже ала алатынын атап өтті. Көлік құралын қайта тіркеген немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырған автокөлік иелері дайын құжаттар мен нөмірлерді өз қаласының мамандандырылған ХҚКО-нан ала алады, онда дайын құжаттарды беру тек бір терезесі ғана жұмыс істейтін болады.

         Айта кету керек, электрондық мемлекеттік қызметтер сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне ықпал етеді. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаттарының бірі болып табылады. Осы орайда, мұндай тікелей эфирдің қажеттілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде халықтың сапалы құқықтық ақпараттандырылуын қамтамасыз етумен және сауаттылығын арттырумен байланысты.

         Сонымен қатар, қандай да бір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда азаматтар Агенттіктің 1424 Call-орталығына қоңырау шалып, бұл туралы хабарлай алады.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.