Экологиялық реттеу, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы

Экологиялық реттеу, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы

Бүгін онлайн-сұхбат барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова экологиялық реттеу, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы айтты.

Анар Жарованың айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен министрліктің екі Комитеті – Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

Сұхбат барысында Анар Жарова министрліктің жоғарыда аталған комитеттерінде анықталған жүйелі мәселелер туралы егжей-тегжейлі баяндады.

«Экологиялық реттеу және бақылау комитетіндегі негізгі тәуекелдерді екі блокқа бөлуге болады. Бұл тәуекелдер экологиялық заңнамаларды ұстануды тексеру және әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырумен байланысты», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция департаментінің басшысы.

Бірінші блокта анықталған бұзушылықтарды жою және шығындарды өтеу бойынша ұйғарым беруге нақты уақыттың болмауы сыбайлас жемқорлық үшін маңызды шарт болып табылады.

Мәселен, 2015 жылдың 21 шілдесінде Жамбыл облысының Экология департаменті экологиялық заңнаманың сақталуына бір жеке кәсіпкерге жоспардан тыс тексеру жүргізіп, оның барысында пайдалы қазбаларды (балшық) заңсыз өндіру фактісін анықтады. Шығын келтіру фактісі 2015 жылдың шілдесінде белгілі болғанына қарамастан, оны өтеу туралы талап жеке кәсіпкерге 4 жылдан кейін – 2019 жылдың тамызында тағылды.

Екінші блокта, әкімшілік іс жүргізу аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптарында жазаның қосымша түрлерін қолдану немесе қолданбау мүмкіндігімен байланысты дискрециялық нормалардың болуына байланысты туындайды.

Мысалы, Кодекстің 326-бабында экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғатты пайдалану шарттарын орындамау – экологиялық рұқсаттың қолданысын уақытша тоқтату немесе оның болмауынан айыппұл салуға әкеліп соғады. Ұқсас нормалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің басқа баптарында бар (мысалы, Кодекстің 333-бабы (2-бөлігі), 399, 464).

«Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері негізінен орман қорын, балық ресурстарын қорғау, аңшылық субъектілердің инспекциялық қызметі салаларындағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырумен байланысты», - деді Анар Жарова.

Орман шаруашылығы саласындағы бақылау өкілеттіктері мен жалақының төмендігі заңсыз әрекеттер жасауға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, орман алаптарының қашықтығы да сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын объективті фактордың бірі. Бұл қоғам тарапынан тиісті бақылаудың болмауына және осы саладағы қылмыстардың жасырын қалуына әкеп соғады.

Балық ресурстарын қорғау жөніндегі бақылау-инспекциялық қызметте құқық бұзушылық құралын тәркілеу рәсімі реттелмеген, соған байланысты бұл процесс тексерушінің қалауы бойынша жүреді, бұл дискреция болып табылады. Тексерушілерде бейнетіркеуіштердің, қатаң есеп бланкілерінің (әкімшілік хаттамалардың) және әкімшілік рәсімдерді электронды форматта жүргізу мүмкіндігінің болмауы жағдайды күрделендіре түседі.

Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің бақылау-инспекциялық қызметінде бұрын берілген ұйғарымның орындалуын тексеру бойынша жоспардан тыс іс-шаралар жүргізу тәртібі реттелмеген.

Спикер өз сөзін қорытындылай келе, насындарды сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныстар енгізілгенін мәлімдеді.

«Қазіргі таңда нақты мерзімдері мен орындаушылары көрсетілген ұсыныстарды орындау жөнінде тиісті Жоспар әзірленуде. Агенттік алдағы уақытта оның орындалуын бақылайтын болады», - деді Анар Жарова.

Сонымен бірге, оның айтуынша, біршама нақты ақпарат жақын арада Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтында қол жетімді болатын сараптамалық есепте көрсетіледі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

20 пікір

  1. аватар
    Karma 30 августа 2024 18:00

    онлайн гадание на книге судеб онлайн бесплатно погода на планете меркурий онлайн пасьянс гадание на отношение мужчины
    любовь ко мне
    если приснился новорожденный с зубами небо
    в картинках сонник

    my website ... масса меркурия

  2. аватар
    Trey 2 октября 2024 14:30

    технодом петропавловск адрес, технодом петропавловск номер телефона хилтон шарм-эль-шейх 5, albatros palace
    resort 5* шарм-эль-шейх жақсы тілектер айту, жақсы тілектер әріптестерге талдағыштар туралы жалпы түсінік,
    талдағыштар түрлері

    Feel free to visit my webpage: бюллетень верховного суда рк 2023

  3. аватар
    Harriett 13 октября 2024 17:43

    хадис о запрете музыки в исламе, положение музыки в
    исламе бақытжан үздік
    оқушы ол көршісі дулат екеуі бір сыныпта оқиды, үздік оқушы сайысы тоқтамысты жеңіліске
    ұшыратқан ұрыс ханның ұлы, ұрыс ханның ұрпақтары банк карта номер,
    как узнать номер карты форте
    банк без карты

    Here is my website ... асқар алтай әңгімелері

  4. аватар
    Sandra 13 октября 2024 20:29

    әлеуметтанулық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу,
    әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдері өлеңді түсініп оқы туған өлкем, туған өлке тақпақ гора бурабай, гора кокшетау тянь шань
    тау беткейлері, тянь шань қорғалатын
    аумақтары

    Also visit my webpage :: ахмет байтұрсынов
    150 жыл іс шара жоспары

  5. аватар
    Dirk 14 октября 2024 14:11

    жк айсана атырау, жк керемет атырау
    скачать музыка бұл өмір сынақ,
    еркін тоқсейітов өмір өмір скачать қазақстанның барлық аймақтарында
    кездесетін шөгінділер, еліміздің шекарасының жалпы ұзындығы описание герба россии, двуглавый орел герб россии

    Also visit my blog post :: ұрпақ
    алдындағы міндет эссе

  6. аватар
    Paige 20 октября 2024 08:18

    ерігіп жүрген ешкім жоқ перевод
    на русский, сен жетіспей тұрасың текст умра самостоятельно, хадж 2023
    цена казахстан тырысқақ ауруы,
    тырысқақ ауруы презентация сунны пророка мухаммада книга, самые важные
    сунны

    My homepage тәуелсіз қазақтың қызымын

  7. аватар
    Marina 13 ноября 2024 19:21

    снятся залысины на голове амулеты викингов и их
    значение к чему сниться поезд
    чуть не сбил
    ком в горле психосоматика луиза хей, ком в горле:
    психосоматика как избавиться мелодию из кино вам и
    не снилось

    Here is my website :: большой
    расклад ленорман гадание онлайн

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.