Алматы облысының орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі саласының бірқатар лауазымды тұлғалары бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласының лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау фактілерін анықтады.
Осылайша, «Қаратал орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімі» РММ-нің бастығына су қорғау белдеулері мен санитарлық қорғау аймақтарын қамтитын Балқаш көлінің су айдындарында балық ресурстарын сатып алу, сақтау және тасымалдауда қамқорлық көрсеткені үшін жалпы сомасы 129 мың теңге (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алғаны үшін күлікті ретінде сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осыған ұқсас қылмысты жасауда Қапшағай орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімінің жетекші маманы-мемлекеттік инспекторы әшкереленді.
Ол балықтарды тыйым салынған әдістерімен, сондай-ақ Қапшағай су қоймасында тыйым салынған жерлерде заңсыз аулауға жол берудегі жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде 150 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Күдіктілердің кінәсінің дәрежесін анықтау түпкілікті шешімін сот шығаратын болады.
Бейнероликке сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=ZA7YpqGauVU
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
30 пікір