Ақмола облысында ішкі істер органдары қызметкерлерінің  азаптауды қолдану саласындағы жемқорлықтың алдын алу  мәселелері талқыланды

Ақмола облысында ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаптауды қолдану саласындағы жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз ету шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша аумақтық департамент (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасары Рүстем Танабаевтың Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамымен кездесуі өтті.

Кеңес барысында Ақмола сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілі қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша енгізілген ұсыныстар шеңберінде (ҚР ҚПК 200-б.) қатыгез қарым-қатынаста немесе осыған байланысты бұзушылықтарда күдік туғызатын қызметкерлерді әкімшілік (басқарушылық), сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу шеттетуді, сонымен бірге, жәбірленушілерді, куәларды, олардың отбасы мүшелерін және туыстарын тергеуге байланысты қудалаудан және қауіп-қатерден қорғау жөніндегі өзге де шаралар қолданудың барабарлығын қамтамасыз ету ұсынды.

Сонымен қатар, Рүстем Таңабаев Қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық департаментінің мекемелеріне қылмыстық-құқықтық, тәртіптік және басқару (әкімшілік) рәсімдері мен қатыгездік пен онымен байланысты өзге де бұзушылықтарға (олардың ешқайсысы жазасыз қалмауы үшін) ден қою жөніндегі шараларды синхрондау (дәйекті және өзара байланысты) бойынша ұсынымдар берді.

Өз кезегінде, аумақтық ҚАЖД басшылығы ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде ұсыныстар бойынша қабылданған шараларға қатысты ІІМ 2017 жылғы 31 тамыздағы №599 бұйрығын орындау үшін Департамент пен оның ведомстволық бағынысты бөлімшелері ҚАЖ-дың барлық қызметкерлерінің азаптауға қарсы іс-қимыл бөлігінде лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер енгізгені туралы баяндады.

Өзгерістер ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазаларды қолдануға тыйым салуға, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің өздеріне мәлім болған азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазаларды қолдану жағдайлары туралы ішкі істер органдары басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметіндегі басымдықтардың бірі сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын анықтауға және жоюға бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу және қабылдау болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.