Ақмола облысының кәсіпкерлері  бизнесті парасатталықпен жүргізуді қолдайды

Ақмола облысының кәсіпкерлері бизнесті парасатталықпен жүргізуді қолдайды

 

«Protecting Business and Investments» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің «Anticor ortalyǵy» сервистік орталығының алаңында облыстың ірі кәсіпорындарының басшыларымен іскерлік кездесу өтті.

Кездесу барысында Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев бизнес-қауымдастық өкілдеріне сенім мен өзара ынтымақтастық үшін алғысын білдірді, сондай-ақ олардың бизнесін шенеуніктер тарапынан кез келген қысымнан қорғауға барынша жәрдемдесетін болады деп сендірді.

«Департамент біздің өңірде инвестициялық жобаны жүзеге асырудың кез келген сатысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы толық қолдау көрсетуге және сіздің заңды құқықтарыңызды тиімді қорғауға дайын. Өз кезегінде, бизнесмен мен инвесторлар бизнесін дұрыс жүргізуден және шенеуніктерді параға сатып алудан бас тартуы тиіс», - деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.

Айта кету керек, бұдан бұрын жоба аясында Департамент «Кокшетауминводы» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Новопэк» ЖШС, «Камаз Инжиниринг» АҚ, «Бижан» ЖШС, «Намыс» ЖШС, «Көкшетау автобус паркі» ЖШС, «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС, «Виччи» ЖШС, «Сафди» ЖШС, «Пробилд» ЖШС, «СТ Жилстрой» ЖШС сияқты кәсіпорындармен жалпы сомасы 1,1 трлн.теңгеден астам 28 келісімге қол қойды.

Енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен қамтылғандар қатарына «Айдабол Көкше» ЖШС, «Натур продукт» ЖШС, «Восток Моторс» ЖШС кәсіпорындарының инвестициялық жобалары қосылды, олардың басшылығы әкімшілік кедергілердің алдын алуға және облыста оң іскерлік ахуал құруға үміт білдірді.

Барлық қызықтырған мәселелер мен өзара тиімді ынтымақтастық жөніндегі алдағы жоспарларды қарап және талқылай келе, кездесуге қатысушылар бірлескен қызмет туралы негізгі ережелер, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен міндеттемелері көрініс тапқан бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы алып жүру туралы келісімдерге қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, «Protecting Business and Investments» жобасы, оның мақсаты - қолайлы инвестициялық климат құру және мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыру, еліміздегі кәсіпкерлерді қолдаудың тиімді шараларының бірі болды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.