Көлік бақылау инспекциясы қызметкерлері жемқорлықпен күрестің маңыздылығы туралы ескертілді
Әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру – бүгінгі күннің басты талабы. Осыған бастайтын жол – жемқорлықты толығымен жою. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында ерекше мән беріп, 10 маңызды бағыттың бірін «Сыбайлас жемқорлықты жою» деп белгілеген.
Аталған бағытқа орай қоғамдық мәселені болдырмау, алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға негізделген жиындар мен семинарлар, облыс көлемінде кең ауқымда жүргізілуде.
Үстіміздегі жылдың 31-ші қаңтарында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшылығы облыстың Көлік бақылау инспекциясы басқармасының жеке құрамымен «ANTIKOR-ORTALYGY» сервистік орталығында «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында» кездесу өткізді.
Кездесу барысында Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Асқар Арыстан сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу аясында Агенттікпен жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп жатқандығын, сондай-ақ жиынға қатысушыларды парасаттылық пен әділдікке, адалдық пен сатылмаушылыққа шақырды.
Семинар соңында, облыстың Көлік бақылау инспекциясы басқармасының басшысы К.Мұқашев осындай, сыбайлас жемқорлықты алдын алуға арналған семинар кездесулер мемлекеттік қызметкерлерге оң әсерін тигізетіндігін айта отырып, алдағы уақытта жеке құрам арасында профилактикалық іс-шаралар жұмысын күшейтуге және «Адал-Жол» жобалық кеңсесі аясында қоғамдағы тұрмыстық жемқорлықты жоюға ат салысатындарын жеткізді.
[xfvalue_img]