Сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаб медицина қызметкерлерімен кездесті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Өңірлік ақпараттық-ағартушылық штабымен бірлесіп облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Көкшетау жоғары медициналық колледжінің ұжымымен және студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Департаменттің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамасы туралы айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, а.ж. қаңтар айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында Агенттік Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев «Сыбайлас жемқорлықты жоюдың қазақстандық формуласы - бұл тиімді превенцияның, ауқымды ағартудың, сындарлы әріптестіктің және пәрменді қылмыстық-құқықтық шаралардың үйлесімі» деп көрсеткен болатын.
Осы орайда, Бақытжан Әмірханов өз баяндамасында «Агенттік қабылдайтын барлық бастамалар еліміздің әрбір азаматының ерік-жігері болған жағдайда ғана оң нәтиже беретіндігін атап өткім келеді, бұл үшін біз халықтың түрлі топтарымен, соның ішінде медицина саласының қызметкерлерімен де осындай кездесулер өткіземіз», - деп, атап өтті.
Облыстық ақпараттық-ағарту штабының мүшесі, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тайтенова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы сөз сөйледі.
«Сіз болашақ медицина қызметкерлері ретінде адал, парасатты және сатылмайтын болу керек. Сіздерді әрдайым өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға шақырамын, өйткені дәрігердің кәсібилігі мен адамгершілік қасиеттеріне азаматтардың денсаулығы байланысты және сіз мұны түсінуіңіз керек», - деп, Самира Тайтенова студент жастарға арнаған сөзінде атап өтті.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]