Ағаш отырғызған абзал: Ақмола облысында жемқорлықпен күресушілер ағаш отырғызды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Ағаш отырғызған абзал» акциясы аясында Көкшетау қаласында ағаш отырғызу шарасын ұйымдастырды. Акция «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде өтті.
Ағаш отырғызу үшін Департамент қызметкерлері Абылай Хан даңғылы мен Сүлейменов көшелері қиылысында орналасқан паркті таңдады.
Қолайлы экологиялық климат құру арқылы парасаттылықты тәрбиелеу туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев өз пікірімен бөлісті.
«Экологиялық мәдениетті насихаттай отыра, біз азаматтардың бойында парасаттылықты қалыптастыруға зор мән береміз. Бұл акция өлкемізді абаттандыруға, игіліктендіруге ғана емес, сонымен қатар жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге және олардың болашақ үшін жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған. Бүгін біздің тағы бір мәрте олар үшін жағымды мысал болғанымыз қуантады» - дейді Мұрат Төлеубаев.
Суық ауа-райына қарамастан, ағаштардың күйі жақсы болды. «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тайтенованың айтуынша, олар суыққа өте төзімді екен. Аталған акцияның біржолғы шара емес екендігін атап өткен жөн. Департамент қызметкерлері Көкшетау қ. Әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп экологиялық акциялар мен сенбіліктерге жиі қатысады.
[xfvalue_img]