Жуалылық полицейлермен 63 млн-ға жуық шығын қалпына келтірілді
Жуалы ауданы полиция бөлімінің бастығы Мақсат Ережеповтың және бөлім қызметкерлерінің атына «Кристалл Құлан Күзет» ЖШС-нің директоры Т. Жүнісқадыров «Бурный-Солар 2» күн электрстанциясы аумағынан ұрланған кабельдерді табуда кәсібилік пен жеделділік көрсеткені үшін ризашылығын білдіргені туралы алғыс хатын жолдады.
Өткен жылдың желтоқсан айында Жуалы ауданы полиция бөліміне аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестік контейнерінен 102 кабель салынған қорап жоғалғаны бойынша арыз түскен болатын. Жалпы 62 680 000 теңге көлемінде шығын келтірілген.
Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 18-47 жас аралығындағы Тараз қаласы, Жамбыл және Т.Рысқұлов ауданының 4 азаматы ұсталды. Ұсталған азаматтардың барлығы 2018-2019 жылдары «Бурный-Солар 2»күн электрстанциясы мекемесінде күзетші қызметін атқарған.
Күдіктілер кінәсін толықтай мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тәркіленген ұрлықы заттар иелеріне қайтарылды
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы, 4-тармағымен (қылмыстық топпен жасалған аса ірі мөлшердегі ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]