Кабель тонаушылар ұсталды
Талас аудандық полиция бөліміне «Секьюрити Сервис Центр» ЖШС басшысы тау-кен байыту кешені аумағынан кабель ұрланғандығы туралы шағымданды.
Тергеу жұмыстарын жүргізу барысында таңертеңгі сағат төрт кездерінде күзет орнына белгісіз бетперделі үш тұлғаның тонау мақсатында басып кіргендігі анықталды. Күдіктілер 59 жастағы мекеме күзетшісін ұрып-соғып, байлап, 1.500.000 теңге көлеміндегі кабельдерді ұрлап кеткен.
- Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесі бойынша қылмысқа қатысы бар Түркістан облысы және Тараз қаласының 29-30 жастағы үш тұрғыны ұсталды. Бұлтартпас дәлелдерге сәйкес күдіктілер кінәсін толықтай мойындады. Айғақ заттар тәркіленді, -деп мәлімдеді Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Темірбек Оразымбетов.
Күдіктілер Талас аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қылмыстық кодекстің 191-бабы, 2-бөлігімен (тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған бап бойынша мүлкін тәркілеумен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасы көзделген.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]