Батыс Қазақстан облысында «Protecting Business and Investments» Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында келісімдерге қол қойылуда

Батыс Қазақстан облысында «Protecting Business and Investments» Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында келісімдерге қол қойылуда

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен бүкіл ел аумағында «Protecting Business and Investments» Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасын іске асыру басталды. 

Жобаның мақсаты – кәсіпкердің тек кәсіпкерлік қызметі барысында ғана емес, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру кезінде күнделікті тап болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен сақтау және аймақтағы инвестициялық бизнес ахуалын жақсарту. Жоба Агенттік пен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен және министрліктер мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп іске асырылуда.

Осы жылдың жазында Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Конденсат» АҚ, «ABS- Мұнай» ЖШС және «Квант» ЖШС, «ОК Орал Кабель» ЖШС және «ПОШ Руно» ЖШС, «134» ЖШС секілді компанияларымен инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы 10- ға жуық келісімге қол қойылды.

2018 жылғы 5 желтоқсанда  Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы мен «DMD Production»  ЖШС, «World Green Company» ЖШС директорлары консервілінген жемістер мен көкөністер мен шырындарды шығару және қызанақ және қияр отырғызу үшін жылыжый кешені құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы  келісімге қол қойды.

Өзінің алғы сөзінде Болат Исақов Агенттік бастаған жобаның алға қойған міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдыңғы қатарлы превентивті механизмдерін белсенді қолдану және осы арқылы жобаның мақсаты – қолайлы инвестициялық ахуалды нығайтуға және бизнес пен инвесторлардың сыбайлас жемқорлықтан ада мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға қол жеткізу екенін  атап айтты.

 Бизнес өкілдері, өз кезегінде, аталған келісімге қол қою бизнесті әртүрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау кепілі болатынын және аймақтағы бизнестің дамуына оң әсерін тигізетінін айтты.

 

ҚР МҚІСЖҚА БҚО бойынша Департаментінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.