«Қашар» ЖІШ кезінде 700-ден астам мал шарушылығы тексерілді
Ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап Жамбыл облысы Полиция департаментімен мал ұрлығының алдын алу және жедел жағдайды жақсарту мақсатында «Қашар» іс-шарасының үшінші кезеңі өткізілуде. Іс-шара барысында облыс аумағындағы 731 мал шарушалығы қаралды.
Жедел алдын алу шарасының нәтижесінде мал шаруашылықтарында қарасты 19 адамның тұрақты тұрғылықты жері жоқ екені анықталды. Тексерілген 1000-ға жуық қару иелерінің 63-і қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылып, 49 атыс қаруы тәркіленді.
Сонымен қатар, белгі салынбаған 39 бас мал анықталып, ұрланған 100 бас мал табылды.
Сондай-ақ, «Қашар» іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері іздеуде жүрген екі қылмыскерді ұстады.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
28 пікір