Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері «ҚАРУ-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде
Жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруды қолдану арқылы жасалған қылмыстарды ашу және алдын алу, сондай-ақ заңсыз айналымнан атыс қаруын тәркілеу мақсатында 2019 жылдың 10-14 шілде аралығында Нұр - Сұлтан қаласының аумағында «ҚАРУ-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Негізгі мақсаты заңсыз сақталған қаруды, ұрланған және жоғалған қаруды іздестіру, «Криминалды қару» есебінде тұрған қаруларды оқ-дәрлерді анықтау және тәркілеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Жедел-алдын алу шараларының бірінші күні 1230 қару иелері тексерілді. Қаруды сақтау талабын және қайтадан тіркеу мерзімін бұзған 20 қару иесі әкімшілік жазаға тартылды.
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін азаматтардан 24 қару тәркіленді .
Іс-шара барысында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
10 шілдеде қала тұрғыны өз еркімен травмат тапаншасын тапсырды.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
5 пікір