Пара алғаны үшін бұрынғы полиция қызметкері 18 млн.теңге айыппұл төлейді
Есіл аудандық полиция қызметкерлері С.Смаилов пен Д.Қосмұратов қылмысты тоқтату үшін екі азаматтан 300 000 теңге көлемінде ақша талап еткен.
№2 Есіл аудандық сотының үкімі бойынша Қосмұратов пен Смаилов Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 2-бөлімі, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, пара көлемінен 60 есе айыппұл салу жазасы тағайындалды. Айыппұл 18 млн.теңгені кұрады және мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Бұдан бөлек Қосмұратов "полиция аға лейтенанты", Смаилов "полиция капитаны" арнаулы атақтарынан айырылды.
Бүгін бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық департаменті қызметкерлері ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға ықпал ететін жағдайларды жою бойынша Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" аудандық Полиция басқармасының жеке құрамымен кездесуі барысында атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жемқорлық қылмыстарын анықтау және күресумен қатар алдын-алу міндеттері де жүктеледі.
Кездесу соңында департамент қызметкерлері заңнама нормаларымен қатар адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру және қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға бағытталған алдын алу шараларын түсіндірді.
[xfvalue_img]