Бірқатар полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталды
Еліміздің бірқатар өңірлерінде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімі шығарылды.
Сонымен ағымдағы жылдың 17 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының № 2 аудандық сотының үкімімен қалалық ПД-ның жол-патрульдік қызметінің инспекторы полиция капитаны К.Н. Досханов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ЖШС өкілін алдап ақша қаражатын иелену арқылы бұрын келісілген 4 мың АҚШ долларының 390 мың теңгесін иемденіп, сол секілді бұрын ұсталған Өзбекстан Республикасының 19 азаматын босатқаны үшін көші-қон қызметінің лауазымды тұлғаларына ақша берді деген күдікке ілінген болатын.
Ағымдағы жылдың 21 қазанында осы соттың үкімімен қалалық ПД арнайы баталонының инспекторы полиция лейтенанты Д.С.Салкимбаев сотталды, ол азаматтан әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған, оған параның 30 есе сомасы мөлшерінде айыппұл салынды.
Осы күні Бурабай аудандық соты осындай қылмыс жасағаны үшін (қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны үшін 70 мың теңге пара алғаны) Ақмола облысы ПД аудандық полиция бөлімі жедел-криминалистика бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны А.Б.Тен 4 млн. 900 мың теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жазаға тартылды.
Петропавл қалалық соты әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны үшін жүргізушілерден бірнеше рет пара алған (тұрмыстық жемқорлық) қалалық ПБ-ның батальон полицейлері аға сержант П.В. Кузьминых және полицияның кіші сержанты Т.Е. Хисамутдинов кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жоғарыда аталған полиция қызметкерлері мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу және арнайы атақ-шендер алу құқығынан өмір бойына айырылды.
[xfvalue_img]