Таразда граффити-жазбаларды жою акциясы өтті
Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Тараз Жасыл ел» және «Жас Сарбаз» мекемелерінің өкілдерін қатыстыра отырып, облыс орталығындағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларынан есірткі сатуға қатысты сайттарды жарнамалайтын граффити-жазуларды алып тастау бойынша іс-шара өткізді. Нәтижесінде 700-ге жуық жазба алынып, граффити жазбалар жасаған алты адам ұсталды.
Сондай-ақ, мониторинг барысында облыстың ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Telegram» қосымшасында жұмыс жасаған ұқсас интернет-сайттар орнатты. Ал анықталған сайттар жойылып, сайттар мен жазуларды жасауға қатысы бар тұлғаларды анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Осы бағыттағы жұмыстар әлі жалғасуда.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
23 пікір