«Учаске» жедел алдын - алу іс-шарасы
Астана қаласында ағымдағы жылдың 05қыркүйегі мен 05 желтоқсаны аралығында «Учаске» жедел алдын –алу іс-шарасы өткізілуде.
«Учаске» жедел алдын – алу іс - шарасының мақсаты - учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон, криминалдық және патрульдік полиция және басқа да қызметтердің қатысуымен әрбір учаскелік аумақтардағы құқық бұзушылықтарды алдын- алу болып табылады.
Учаскелік полиция инспекторлары 05 қыркүйектен бастап өздерінің аумақтарындағы тұрып жатқан азаматтар туралы мәліметтерді алу және ІІО кезекші бөлімдері мен учаскелік полицейлердің байланыс деректері бар визитттік карталарды тарату үшін пәтерлер мен аулаларда тексеру жүргізуде.
«Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы учаскелік инспекторлар 252 мыңнан астам пәтерлер мен 30 мыңға жуық жеке үйлерді аралап шықты. Жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізу барысында ІІО тіркеуде тұрған 7000-ға жуық азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сондай-ақ, 15000- ға жуық азаматтық қару иелеріне тексеріс жүргізілді.
Іс-шараны жүргізу барысында жалға берілетін 1000-нан астам пәтер тіркеліп, олар туралы ақпарат Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментіне жіберілді.
Жалпы «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы 19000-ға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК ҚР ӘҚБтК 434 б. «Ұсақ бұзақылық» 2000-ға жуық, сонымен қатар, 4000-нан астамы ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша және т.б.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңын бұзған 2000—нан астам шетел азаматы анықталды.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы
[xfvalue_img]