Қаруды сақтау ережесін бұзғаны үшін елорда тұрғынынан "Винчестер" маркалы аңшылық мылтығы тәркіленді
Жыл басынан тәртіп сақшыларымен азаматтық қарудың сақталу және тіркеу ережелерін бұзғандары үшін 470 қару тәркіленіп, қару иелері әкімшілік жазаға тартылды.
«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу аясында учаскелік полиция инспекторы азаматтық қару иесін тексеру барысында, қаруды сақтау шарты бойынша, атап айтқанда, қаруды сақтау үшін металл сейфті бекітпеу, сондай-ақ, дабылдың жұмыс істемеу жағдайы бойынша бірқатар бұзушылықтарды анықтады.
Осылайша, ҚР ӘҚБтК-нің 484-ші бабы «Азаматтық, қызметтік, наградалық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит тәртібін бұзу» бойынша «Б» есімді азамат 10 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, "Винчестер"маркалы аңшы мылтығы тәркіленді.
Естеріңізге сала кетейік,
Азаматтық қару мен оның оқ-дәрілерін сақтау:
Азаматтық қаруды сақтау және алып жүру заңды негізде рұқсат алған азаматтарға рұқсат етіледі
Қару-жарақ пен оқ-дәрілер қару иесiнiң тұрғылықты жерiнде құлыппен бекiтiлген сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталуы тиiс
Қару иесі олардың қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етуге және бөтен адамдардың қолжетілімділігіне жол бермеуге міндетті, әсіресе балалар қаруы бар сейфтің кілті қайда сақталатынын білмеуі тиіс ҚАРУДЫ басқа адамдарға беруге үзілді-кесілді тыйым салынады !!!
РҰҚСАТ БЕРУ ҚҰЖАТТАРЫН уақтылы ресімдеп, мерзімін уақтылы ұзартыңыз!
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]