Елорда тұрғынына үй-жайды жеңіл мінезді қыздарға жалға бергені үшін 250 мың теңге айыппұл салынды
«Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізу барысында учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік аумағын тексеру барысында, Гёте көшесіндегі үйдің бірінен үй иесінің өзінің үй-жайын жыныстық қызмет көрсету үшін тапсырғанын анықтады.
Нұр-Сұлтан қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 31 жастағы «А» есімді азаматша ҚР ӘҚБтК-нің 450-ші бабының 1-ші тармағын бұзғаны үшін «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» 100 АЕК (252 500 теңге) айыппұл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасымен ҚР ӘҚБтК-нің 450 бабын бұзған 30-дан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір