ҚР Әділет министрлігі Жемқорлыққа қарсы жобасын іске қосты
ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында «Адал алаңы» жобасының Жарғысына қол қойылды. Құжатқа ҚР ӘМ Жауапты хатшысы Азамат Әмірғалиев пен ҚР ЖҚІА Төрағасының Бірінші орынбасары Олжас Бектенов қол қойды.
Аталған іс-шараға Агенттіктің, министрліктің бөлім басшылары, қоғам қайраткерлері, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.
Қол қойылған «Адал алаңы» жобасының Жарғысына сәйкес ҚР Әділет министрлігінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін жою және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға арналған «Адал алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істеуді бастайды.
«Жобалық кеңсе қоғам үшін ашық болады және оның алдында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша әділет органдарының жұмысы туралы азаматтарды хабардар ету, қызметкерлер мен қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу бойынша міндеттер тұр», -деді Азамат Әмірғалиев.
Өз кезегінде Олжас Бектенов «Адал алаңы» жобалық кеңсені ашқаны үшін министрлік басшылығына ризашылығын білдірді.
Айтып өту керек, Жобалық кеңсесі жанында құрамына үкіметтік емес ұйымдар және бизнес қауымдастықтың өкілдері кіретін Сарапшы кеңесі құрылды.
Жобалық кеңсенің жетекшісі – ҚР Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Азамат Әмірғалиев және Жоба кеңсесінің басшысы болып ҚР ӘМ Кадрлық қызмет департаментінің директоры Қасымқожа Умиров тағайындалды.
ҚР ӘМ баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
28 пікір