Мемлекеттік қызметкер жауапкершілігі және қызметкер этикасы
Мемлекеттік қызметшілер - мемлекет, Конституция, Заң және құқық өкілі болғандықтан, оларға қойылатын талаптар жоғары.
Мемлекеттік қызметші болып білімі мен ерік-жігері жоғары, талабы бар, арнайы сынақтардан сүрін өткен, Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайының қажетті бір элементі қызметтік тәртіп болып табылады. Сондықтан кез-келген мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін заңнама талаптарына сай орындауға тиіс. Заңнама талаптарына кейбір жағдайларда, мемлекеттік қызметшінің өз құқықтарын пайдалануын да кіргізуге болады. Өйткені мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметте тек қана міндеттік сана-сезімде ғана емес, сонымен қатар, берілген және кепілдендірілген құқықтарды орынды пайдаланушы да бола білуі қажет. Осындай жағдайларда ғана мемлекеттік қызметтің заңдылығы мен тиімділігі жоғары болатыны анық.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп» Кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.
Мемлекеттік қызмет атқарудың жауапкершілігін айқындап және Республика халқына, өз еліне адал қызымет етуге шақырып, әр қызметшіні «Мемлекеттік қызметкер» атын мақтанышпен алып жүру үшін - бар жігер-күшін, білімін, тәжірибесін мемлекеттің өркендеуіне қосуға шақырамын.
Ж.Шайхыстан
Ақмола гарнизоны
әскери сотының
бас маман – сот отырысының хатшысы
[xfvalue_img]
5 пікір