Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Мемлекет қызметін ұйымдастырудың басты, негізгі талаптары Қазақстан Республикасы Конституциясында қарастырылған (33-бап), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығында толық түрде қарастырылған. Бұл Жарлық мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың негізін, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайларын және мемлекеттік қызмет аясындағы қарым-қатынастардың реттелуін анықтайды.
Мемлекеттік қызметші өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, олар билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс. Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білім-біліктілігінен бұрын, адамгершілік асыл қасиет пен ананың сүтімен келетін тәлім-тәрбиені де талап ететініміз анық.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау жөнінде қойылатын негізгі талаптар көзделеді. Бұл ретте, әдептік мінез-құлық шеңбері мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде бекітіліп, оның сақталуын бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез құлқына, қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі «қызмет ететін» қоғамға қатысты моральдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді. Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету үлкен қателік. Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы.
Мемлекеттік қызметкерге жалпы қабылданған әдепті сақтау өте маңызды, себебі ол тікелей адаммен жұмыс жасайдыжәне әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау арқылықызмет атқарады.сондықтан мемлекеттік қызметкердің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл-әрекеті, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей қызмет ету керек. Осы аталғандардың барлығын сақтау үшін этикеттің принциптерін ұстану керек.
Мемлекеттік қызметкерлерге интернет-кеңістікте және әлеуметтік желілерде қымбат тұратын автокөлік немесе яхта жанында түсірілген фото суреттер, ойын-сауық мекемелеріндегі немесе эротикалық сипаттағы түскен фотосуреттер, аңшылықта немесе қолына мылтық алып түсуге, заң бұзушылық сипаттағы фоттосуреттер, сондай-ақ шет елде түсірілген фотосуреттерді орналастыруға тыйым салынады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым қатынастағы басшылық, қоғамның басты өндіруші күші адамдармен «адам факторымен» жұмыс істей білушілік. Мемлекеттік қызметші болу, бұл адамдармен тең қарым қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін, эмоцияларын басқара білу болып табылады.
Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының бас маманы Салтанат Кенжегарина
[xfvalue_img]