Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет теміржол көлігі саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде кеңес өткізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет теміржол көлігі саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде кеңес өткізді

 

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшылығы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ ұжымының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес ұйымдастырды.

Өз сөзінде Агенттік Төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар ескерту-алдын алу қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ бірлесіп теміржол тасымалы кезіндегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Жол картасын» әзірленді, бірқатар бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізілді, нәтижесінде әр түрлі бұзушылықтар пойыз бригадаларының 100-ден астам қызметкері жұмыстан шығарылды.

Агенттіктің 1-ші департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов теміржол көлігі саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының өскенін атап өтті.

«...Бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық компанияның қызметі жүйелі түрде сынға түседі. Ең алдымен, наразылық компания мен оған қарасты ұйымдарда анықталған бұзушылықтарға байланысты. Біздің ойымызша, осындай жағдайдың себептерінің бірі сыбайлас жемқорлық болып табылады...», - деді Қ. Сүлейменов.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы екі жылда осы салада анықталған сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің саны 48-ден 65-ке дейін немесе 26% өскен. Қылмыстық жауапкершілікке 54 адам тартылған.

 Жүргізілген талдау бойынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жүк және жолаушылар тасымалы саласында да кең таралғаны анықталды.

Заңсыз іс-әрекеттер жол жүру билеттерінің жасанды тапшылығынан, вагондарды жеткізу мерзімдерінің созылуынан, тауарлық-материалдық құндылықтарды заңсыз тасымалдаудан, дизель отынын өткізуден және т.б. көрінеді.

Мысалы, көліктегі ІІД бастығының бірінші орынбасары Бекеновке қатысты қылмыстық іс тергелуде, ол жүйелі түрде «Қазақстан» ОЭК өңірлік басшыларынан Алматы, Қостанай, Қарағанды және Қазақстанның басқа облыстарында дизель отынының ұрлығына жасаған жалпы қамқорлығы үшін заңсыз сыйақы алған.

Бұдан басқа, теміржол көлігі саласының лауазымды адамдары билетсіз жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезінде өз қарамағындағы адамдардың (пойыздар бастықтары, жолсеріктер) қамқорлығы үшін сыйақы алады.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының басшысы (компания филиалы) Мырзахметовке қатысты қылмыстық істі тергеу нәтижелері бойынша енгізілген ұсыныс қаралды.

Талқылауды ескере отырып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды азайтуға және қылмыс жасауға ықпал еткен жағдайларды жоюға бағытталған шараларды қабылдау, соның ішінде корпоративтік және HR-мәселелерге жетекшілік ететін Ұлттық компания Басқарма төрағасы орынбасарының жауапкершілігін қарау ұсынылды.

Алдын алуды күшейту мақсатында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ұжымына теміржол көлігі саласындағы сыбайлас жемқорлық туралы бейнеролик көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, егер сізге сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы белгілі болса, сіз 24/7 режимінде 1424 Call-орталығына хабарласа аласыз.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.