Адам құқықтары мен бостандықтарын іске асыру - біздің ортақ міндетіміз
«Намыс» пікірталас - саяси клубының кезекті отырысы өтіп, оның жұмысына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин қатысты.
Сондай-ақ ҮЕҰ мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, саясаттанушылар мен қоғамдық және жастар бірлестіктерінің көшбасшылары белсенді қатысты.
Еске сала кетсек, «Намыс» клубы облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан құрылған болатын. Оның құрамына азаматтық қоғам өкілдері кірді. Олардың барлығы түрлі бағыттарда жұмыс істейтін, бірақ қоғам мен билік арасындағы сындарлы диалог үшін тиімді алаң құру сияқты ортақ мақсатпен біріккен бастамашыл жұртшылық.
Отырыс барысында қатысушылар құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құрудағы белсенді азаматтық ұстанымға тоқталып өтті.
Арман Бердалиннің ойынша, қазақстандықтар бүгін барлық азаматтар алдында рухани және адамгершілік құндылықтар негізінде еркін, гүлденген, салауатты азаматтық қоғам құрылысының келешегін ашқан Конституция ережелеріне сүйене отырып, еркін еңбек етуге, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру мүмкіндігіне ие болып отыр.
«Егер зұлымдық проблемалардың бірі туралы айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлықтың ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік органдар тарапынан да, бүгінгі күні арнайы мониторингтік топтардың құрамына кіретін бастамашыл, саналы азаматтардың да жан-жақты назарын талап етеді» - дейді Арман Бердалин.
Пікірталасқа «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, «Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдары ассоциациясы» ЗТБ Ақмола филиалының төрағасы Геннадий Осиненко, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тайтенова, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ Заңтану кафедрасының аға оқытушысы Сәрсенбай Сыздықов және т. б. қатысты.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]