Маңғыстаулық үкіметтік емес ұйымдары бас қосты
«Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Ынтымақтастық. Жауапкершілік» тақырыбына VIII Облыстық Азаматтық форумы өтті.
Шараға Маңғыстау облысы әкімі Е.Л.Тоғжанов, ҚР қоғамдық даму министлігі азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Б.Х.Нарымбетов, Қазақстанның Азаматтық Альянсының вице президенті, «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестіктің төрағасы Досмаханбет Көшім Қалмаханұлы, аудан және қала әкімдері, мемлекеттік орган басшылары, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ жетекшілері, кәсіподақ, саяси партиялар және бизнес компаниялардың өкілдері қатысты.
Форумның мақсаты – билік, бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың арасында аймақтың өзекті мәселелері бойынша сұхбат құру және тең дәрежедегі сенімді серіктестікке қол жеткізу тетіктерін айқындау.
Жиында сөз алған өңір басшысы Ералы Тоғжанов: "Бүгінгі таңда облысымызда 674 үкіметтікемес ұйым жұмыс жасауда, оның ішінде 53 ҮЕҰ сомасы 324 млн теңгені құрайтын 93 ауқымды әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда.
Азаматтық қоғамның даму көрсеткіші оның қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының қызығушылығын қадағалай отырып, елдегі мәселелерді шешу жолындағы ынтасымен ықыласына тікелей байланысты екендігі анық. Сондықтан Елбасымен бекітілген бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру мемлекеттік органдармен үкіметтікемес ұйымдардың өзара әрекеттестігі арқасында мықты азаматтық қоғамдық алыптастыру негізіндеғана мүмкін болады. Сондықтан барлық үкіметтік емес ұйымдарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын деді.
Форум аясында «Мемлекет, бизнес және ҮЕҰ: сұхбат және ынтымақтастық», «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына ҮЕҰ тарту тақырыбына сұхбат алаңы ұйымдастырылды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]