ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРАТЫН БІРҚАТАР КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
2019 жылғы 30 шілдеде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев пен Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Алмаз Онолбековтың екіжақты кездесуі өтті.
Кездесу барысында қазақстан-қырғыз Үкіметаралық кеңесі отырысының 8-ші Хаттамасының тармақтарын іске асыру шеңберінде мәселелер талқыланды.
Тараптар кездесу қорытындысы бойынша тауарлар транзиті кезінде навигациялық пломбаларды қолдану, күн сайынғы мониторингті жүргізу және Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасына және Қырғыз Республикасына тауарларды әкелудің көлемі бойынша, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тәуекел тауарларды әкелудің және әкетудің көлемі бойынша ақпаратпен алмасу жөнінде пилоттық жобаны жүргізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының өткізу пункттерінде және кедендік рәсімдеу орындарында бірлескен кедендік бақылауды жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Екі елдің кеден қызметінің үйлесімді жұмысының қорытындысы кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттырады, тауарлар транзиті уақытын қысқартады, сондай-ақ өткізілетін жүктер көлемін ұлғайтады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]