НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, АКЦИЯ !
10 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізілуде.
Ерікті түрде тапсырылған қару-жарақ заттары үшін мемлекет тарапынан әрбір қаруға, яғни оның түріне байланысты оннан бастап жүзге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақша қаражатын төлеу қарастырылған.
Тіркелмеген атыс қаруларын , оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырылған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Осы акция басталғалы қала тұрғындары 11 қару тапсырды, оның ішінде 8 тегіс, 3 оыйқ ұңғылды. Олардың бәрі сараптамаға жіберілді. Көбінесе, ата, әкелерінен қалған аңшы мылтықтар. Ерікті түрде тапсырылған қару-жарақ зауытта деформациялау және қайта балқыту арқылы толықтай кәдеге жаратылады, бұл оларды әрі қарай заңсыз мақсаттарда пайдалану мүмкіндігін жояды. Дұрыс таңдау жаса! Тіркелмеген қару-жарақты тапсырып, ақшалай сыйлық ал!
«Шұғыл желі» телефондары :
Нұр-Сұлтан қаласының ПД – 716-170, 716-366,
«Алматы» АПБ – 716-737,
« Сарыарқа»АПБ – 716-646,
« Есіл» АПБ- 716-561, «Байқоңыр» 322-614.
[xfvalue_img]