Ақмола облысында мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеудегі құқық бұзушылықтар 3 есе кеміді

Ақмола облысында мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеудегі құқық бұзушылықтар 3 есе кеміді

Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібі жөнінде баяндаған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Райхан Братаева мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібі мемлекеттік қызмет жүйесіне сенімнің жоғарылауына ықпал етеді.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметке үміткерлердің тестілеуден және әңгімелесуден өтуінің әділеттілігін және ашықтығын қамтамасыз ету бойынша барлық тиісті шаралар қабылдануда. Мысалға, қызмет берушінің мемлекеттік қызметке түсуге үміткер азаматтармен тікелей байланысына жол бермеу мақсатында тестілеуге өтініш білдіру электронды түрде іске асырылады. Сонымен қатар конкурстық комиссия отырыстарына тәуелсіз бақылаушылар қатысады. Олар депутаттар, журналистер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның өкілдері, сонымен қатар заңнама талаптарына сәйкес келетін барлық азаматтар бола алады» - деп Райхан Братаева өз сөзінде айтып өтті.

Сонымен қатар ол тестілеу үдерісінің ашықтығына азаматтардың сенімін арттыратын тестілеу залдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтып өтті.

«Мысалға, залда тұрақты бейнебақылау жүргізіледі, ұялы байланысты бұғаттау құрылғысы орнатылған, ал әрбір компьютер үміткерді суретке түсіру және тестілеу үдерісін жазу үшін веб-камерамен жабдықталған. Тестіленуші тұлғаларға тестілеуге электрондық құрылғылар, ұялы телефондар кіргізуге тыйым салынады. Мұндай құрылғылар арнайы ұяшықтарға сақтауға беріледі» - дейді спикер.

Үміткерлерді мемлекеттік қызметке іріктеудің келесі кезеңі мемлекеттік органда әңгімелесуден өту болып табылады. Барлық әңгімелесу үдерістері аудио-бейнежазба құрылғыларымен сүйемелденеді. Тіпті үміткерлер өздері әңгімелесу үдерісін техникалық құрылғыларға жаза алады.

Сонымен қатар Райхан Братаева конкурстық іріктеу үрдісіне қатысты шағымдардың азайғандығын хабарлады.

«А.ж. І тоқсанында өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 50% кеміп отыр. Оған қоса, арнайы жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеудегі құқық бұзушылықтар 3 есе кеміді. Бұл мемлекеттік қызметте көтерілудің қолданыстағы тетіктерінің меритократия ұстанымын, сонымен қатар мансаптық өсудің ашықтығын толық жүзеге асыруға бағытталған» - дейді Райхан Братаева.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің баспасөз орталығы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.