Мемлекеттік қызмет
Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады.
Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.
Мемлекеттік кызметке кіретін адамдарға тиісті біліктілік талаптарына сәйкес қойылатын талаптар бар.
Мемлекеттік қызметке кірген кезде азаматтар міндетті, арнайы тексеруден өткенненкейінбос лауазымға орналасуға арналған конкурстан өтіп барып тағайындалады. Конкурсқа қатысушылар әңгімелесуден өткен үміткерлерді әрбір бос лауазымға, конкурс комиссиясының дұрыс қорытындысынаиеболған қызметшілер қабылданады.
Астана қ. Алматы аудандық сотының
бас маманы
Саутбаева Г.А.
[xfvalue_img]