Мемлекеттік қызметтегі жастар – ол жаңа идеялар мен жаңа тәсілдер

Мемлекеттік қызметтегі жастар – ол жаңа идеялар мен жаңа тәсілдер

Мемлекеттік қызмет жүйесінде жаңа идеялар мен жаңа тәсілдерді туындата алатын талантты, бәсекеге қабілетті әрі жасампаз жастарды мемлекеттік қызметке тарту мәселесі әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай отыр.

Мемлекеттік қызметке түсудің тәртібін және оның артықшылықтарын жастарға түсіндіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің бітіру курстарының студенттерімен жүздесті.

Жастарды елімізге адал қызмет етуге шақыра отырып, Берген Беспалинов жоғары оқу орындарының түлектері үшін мемлекеттік органдарда қызмет етудің әрі қарай табысты мансап құрудың жақсы бастамасы әрі іргетасы екенін айтып өтті.

«Бүгінгі таңда алымызда мемлекеттік аппараттың жұмыс істеу форматын өзгерту туралы міндет тұр. Мемлекеттік аппаратты жоғары тиімді және ашық ету үшін мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесі өзгертілді. Ендігі кезекте бұл жүйе жастарды дамыту үшін көп жағдай жасауда» - дейді Берген Беспалинов.

Өз сөзінде спикер максимально мемлекеттік қызметке түсу, тестілеуден өту және әңгімелесу кезеңіне дайындалу тәртібін толық әрі кезеңмен түсіндіріп берді. Сонымен қатар тәрбиелілік, тұтынушыға бағдарлану, бастамашылық және күйзеліске төзімділік сияқты қасиеттердің болуына маңызды көңіл бөлінетінін атап өтті.

Сонымен қатар, жаңа еңбекақы жүйесін енгізудің тиімділігі аталып өтті.

«Агенттікпен ең алдымен әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысының нақты қорытындысына бағдарланатын жаңа еңбекақы жүйесі әзірленді. Мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижесі қаншалықты жақсы болса, ақысы соншалықты жоғары болады» - дейді Берген Беспалинов.

Аталған кездесудің жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында Департаментпен ұйымдастырылып тұратын көптеген кездесулердің бірі екенін атап өткен жөн. Департаменттің бастамасымен жыл сайын облыс аумағында студенттермен кездесулер, жұмыссыз жастар мен ЖОО және колледждердің түлектері үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкелері өтіп тұрады.

 

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз-хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив