Агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында «Казахстанская Агро Инновационная Корпорация» ЖШС қызметімен танысты.
Аталған кәсіпорынның қызметін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Бизнес пен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасы шеңберінде сүйемелдеп келетінін айтып өткен жөн.
Кәсіпорын Ақмола облысында тіркемелі және аспалы жабдықтар өндірісін жүзеге асырып, бұл өз кезегінде өңірдегі экономиканы дамытуға зор үлес қосуда.
Кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесу барысында Алик Шпекбаев кәсіпкерлерден бизнесті адал жүргізудің талап етілетіндігін айтып өтті.
Кәсіпорынның өкілдері аталған кәсіпорынның қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу мемлекеттік органдар тарапынан туындайтын әкімшілік бөгеттерді, қағазбастылықты жоюға, ықпал ететіндігін айтты. Оның айтуынша, мемлекеттік құрылымдарға жүргіну кезінде қағазбастылық туындап, ұзақ уақыт бойы жалғасты. Бүгінгі таңда көптеген мәселелер фронт-офисқа өтініш білдіргеннен кейін бірнеше сағат ішінде шешіледі. Аталған өзара әрекеттестік формасы өз тиімділігін көрсетіп отыр.
Жобаның ашықтығы мен сындарлығы аймағымызға инвестицияларды тарту және инстициялық ахуалды жақсарту, сонымен бірге кәсіпкерлік саланы күшейту сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жаңа бір тетік болып табылады.
МҚІСЖҚА Ақмола облысы бойынша департаментінің
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]