Қарағанды облысында «Сыбайлас жемқорлықтан азат өңірлер» жобалық менеджменті іске қосылды

Қарағанды облысында «Сыбайлас жемқорлықтан азат өңірлер» жобалық менеджменті іске қосылды

 

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Сапар барысында Агенттік төрағасы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың төрағалығымен облыс активімен кездесті.

Оған облыстың мемлекеттік органдарының өкілдері, бейнеконференц байланыс арқылы қалалар мен аудандар әкімдері қатысты.

Кездесу барысында елімізде іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың аспектілерімен қатар, азаматтарға бағытталған мемлекеттік аппараттың одан арғы перспективалары сөз болды.

«Мемлекеттік қызметті жаңғыртудың нәтижесінде Қазақстанда кәсіби-стратегиялық мемлекеттік аппарат жасақталды. Келесі мақсат – инновациялық модельге көшу.

Бұл Мемлекет басшысының азаматтардың сұранысына бейімделген мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша тапсырмасынан туындап отыр»-деп атап көрсетті  Алик Шпекбаев.

Аталған міндеттерді іске асыру үшін Алик Шпекбаев және Ерлан Қошанов «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасының жарғысына қол қойды.

Осы ретте, Қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық басқару тетіктері енгізілген екінші өңір болды.

Сол күні ел өңірлерінің аумақтық ерекшеліктерін ескерумен «Сыбайлас жемқорлықтан азат өңірлер» жобасын іске асыруға старт берілді.

Мысалы, Атырау облысында  тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою орбитасына өңірдің ерекшелігіне байланысты «ауыл және балық шаруашылығы» салалары енгізілген.

Жалпы, жобаға үш сала енгізілген: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және жайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. 

Оны іске асыру арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, азаматтар мен бизнес үшін кедергісіз және жайлы жағдай жасау, мемлекеттік органдардың ашықтығын, кең көлемдегі қоғамдық бақылауды көздейді.

Ол үшін кәсіпкерлер, ғалымдар, азаматтық сектор мен БАҚ өкілдері қатарынан сарапшылар қауымдастығын кеңінен тарту ұсынылуда.

Жобаны ұйымдастырушылар бұл бастама тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейін елеулі түрде азайтуға, мемлекеттік билік органдарының жұмысын жақсартуға ықпал ететініне сенімді.

Сондай-ақ шара барысында мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының жаңа жүйесін енгізу, ведомствоға қарасты ұйымдарды оңтайландыру, «Б» корпусына орналасу тетіктері,  мемлекеттік қызметшілердің жұмыс режимін қадағалау мәселелері де талқыланды.

         

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив