Оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы үшін 150 мың теңге: Жамбыл облысында балабақша ашу үшін парақорлық фактісі анықталды
Ұлттық бюроның Жамбыл облысы бойынша департаментімен Жамбыл облысының Жуалы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғасының пара алу фактісі анықталды.
Ол жеке балабақша ашуға оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны беру үшін жеке кәсіпкерден делдал арқылы жалпы сомасы 150 000 теңге пара алуда күдікті деп танылуда.
Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ.
Тергеу жалғасуда.
Күдіктіге қатысты түпкілікті үкім оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен сотпен шығарылады.
ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі
[xfvalue_img]